MyDreamCity.org – бұл қызықты және еліктіргіш жоба. Оның мақсаты жетім балаларға қолдау көрсету, олардың проблемалары туралы айту және қоғамның оларды шешуіне көмектесуі. Жобаның қатысушысы болу өте оңай! Сіз әр-бір қаладан көмек бере аласыз!

Бәрі қалай өтеді?

Бұл жоба суреттерден құралған. Сіз достарыңызбен жиналып өз қалаңыздағы жетім балаларға арналған үйге барып, сонда бірнеше сағатқа суретшілер шеберханасын ұйымдастыруыңызға болады. Сізге керегі – тек қана қағаздар, қарындаштар және де бір-екі бос сағатыңыз.

Жетім балалар үйлерінің және басқа ұйымдар басшылығы бұндай шараларды өздері де ұйымдастыра алады.

Шарадан соң бізге балалар салған суреттерді және шараны өткізген ұйыдастырушылар мен мекеме туралы мәліметтер, сонымен қоса спонсорлардың көмек көрсету амал-тәсілдері туралы электрондық поштамызға жібересіздер (суреттерді фотоаппаратқа түсіруге немесе сканермен өткізуге болады).

Осыдан соң MyDreamCity.org әкімшілігі:

  • жіберілген суреттерді өңдеп, интерактивті коллаж ретінде проекттің сайтында орналастырады
  • шараның пресс-релизін дайындап сіздің қалаңыздағы БАҚ-на жібереді.
  • басқа қалалардың балалары салған ұқсас суреттердi сiзге жiбередi. Сiз оларды өзіңіздің сурет салған балаларыңызға көрсете аласыз, яғни осындай әдіспен дүние жүзiнде достары бар екенін сезу үшiн қамқорлыққа тарта аласыз!

Қалай көмек бере аласыз?

Егер бұл әлеуметтiк жоба сiздi қызықтырса, info@mydreamcity.org почтасы арқылы бізге хат жазыңыз және өз қалаңыз туралы аздап әңгiмелей аласыз. Тіпті, сiздiң аз ғана уақытыңыз бізге көп көмек беруі мүмкін (мысалы, өз ана тiлiңізге бұл жолдауды аударып, әлеуметтiк желiлердегi жора-жолдастарыңызға жоба туралы әңгiмелеу сияқты т.б.)

Бiзге жазыңыз, бiрден жауап беремiз!

Сонымен қатар

  • mydreamcity.org вконтакте және одноклассники-де өз достарыңызбен осы сілтемелермен бөлісуіңізге болады.
  • сіздің бетіңізге біздің логоны қосу
  • жай ғана дос-құрбыларыңызға айтуыңызға болады.

Егер сiзде қандай да бір түсiнiктер, кеңестер және тiлектеріңіз бар болса, info@mydreamcity.org-ге бiзге жазыңыз!

My Dream City team sincerely thanks Aitolkyn Kazmagambet (FLEX CR in Kazakhstan, Aktobe) for kindly providing us with this translation!